Иранның танымал спортшылары Олимпиада медальдарын сатуда

Иранның  танымал спортшылары Олимпиада медальдарын сатуда

12 қарашада Иран мен Ирак шекарасында жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі салдарынан 500 адам қайтыс болып, 8 000 адам зардап шеккен. Ирандық спортшылар бұл жағдайға бірден ілтипат білдіріп, апат болғандарға көмектесу мақсатында қаражат жинай бастады.

Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Киянуш Ростамидің Керманшах өңірі де айтарлықтай зардап шеккен еді. Ол аукционға Рио-2016 Олимпиадасының алтын медалін қойып, одан түскен барлық ақшаны қасіретке ұшырағандарға беретінін айтты. 

«Мен Олимпиада медалін өз халқыма қайтарып беремін, себебі ол адамдарға тиесілі», – деді Ростами инстаграмда.

Сонымен қатар, Ростами басқа спортшылармен бірге суық далада баспанасыз қалғандарға киім-кешек таңдауда.

<span>Өз медалін сатуға Риодағы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы </span>Сарех Джаванмарди да бел буды.

Ростами мен Джаванмардидің ісін Масуд Мостафа-Джокар да қолдады. Ол Афин-2004 Олимпиадасының күміс медалін табымтайтынын айтты.

Зардап шеккен адмадарға Иран тарихындағы ең танымал футболшы Али Даеи да көмектесетінін мәлімдеді.  Ол банктан арнайы есеп шот ашып, оқырмандарына ақша аударуларын сұрады. 

«Бәріміз күшпіз», – деді Даеи<span> </span>видеоөтінішінде. Аталмыш видеоны екі миллионнан астам адам қарады.

Иран мен Ирак шекарасындағы жер сілікінісі осы жылдағы ең мықты апаттардың бірі болды. Сілкініс күші Израиль мен БАЭ сезілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или