Илья Ильин Токио Олимпиадасына қатысуы мүмкін

Илья Ильин Токио Олимпиадасына қатысуы мүмкін

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни Илья Ильиннің Токио олимпиадасына қатысу мүмкіндігі туралы ойын айтты. Бұл туралы қазақстандық басылымдар хабарлады.

«Бұрынғы құраманың мүшелерінен бізде Ильин бар. Оның жасы қазір небары 29-да. Қазіргі уақыта біз Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешімін күтудеміз. Бір апта бұрын қазақстандық ауыр атлеттердің ісіне байланысыты отырыс өтті. Оның ішінде Ильин де бар. Оң нәтижеден үміттіміз. Илья Ильинді Токио Олимпиадасынан көріп қалуымыз ғажап емес, - деді Ни.

Естеріңізде болса, Илья Ильин допинг дауына ілініп екі бірдей Олимпиада алтынынан айырылған болатын. Алайда қазіргі уақытқа дейін оның қанша уақытқа үлкен спорттан шеттетілгені белгісіз жағдайда қалып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или