Антонио Конте: Англия келесі әлем біріншілігіне дейін мықты құраманы жасақтайды

Антонио Конте: Англия келесі әлем біріншілігіне дейін мықты құраманы жасақтайды

«Челси» клубының бас бапкері Антонио Конте Англия футболының болашағына сенетінін жеткізді. 

«Англияда футбол қарқынды дамып келеді деп санаймын. Англия U17 құрамасы әлем біріншілігінде жеңіске жетті. Бұған дейін U19 және U20 құрамалары да дәл осы жетістікке жеткен. Бұл дегеніміз Англия футболының дамып келе жатқанының белгісі. Болашақта Англия құрамасын жеңу қиынның қиыны болмақ. Сіздер келесі әлем біріншілігіне дейін мықты құраманы жасақтай аласыздар», — деп келтіреді Контенің сөзін The Telegraph.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или