Футзал бапкері төрешіні матч кезінде нокаутқа түсірді

Футзал бапкері төрешіні матч кезінде нокаутқа түсірді

Футзалдан Украинаның Харьков қаласында өткен «Вирт» СК Күзгі Кубогының матчы жанжалмен аяқталды.

Оқиға PVM және Viva Cup командалары арасындағы матчта болған. Viva Cup бапкері төрешіге жұдырық ала жөнелді.

Матч арбитрі Василий Черничко Viva Cup ойыншыларының біріне екінші сары қағаз көрсетіп, алаңнан қуған. Команданың бас бапкері Роман Перадзе бұл шешімге келіспей, алаңға шықты да, төрешінің басынан ұрып қалды.

Жанжал шығарған бапкердің командасына нәтижесінде техникалық жеңіліс жазылды.

(Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или