Азиаданың гимні қазақ әнінен ұрланған ба

Азиаданың гимні қазақ әнінен ұрланған ба

Жақында ғана Ашхабадта аяқталған Азия ойындарының гимні қазақ әнінен ұрланып алынған болып шықты.

«Алға, алға, тек қана алға! Туған жерім Түркіменстан» атты су жаңа әннің авторы - түркмендердің басшысы Гурбангулы Бердібұхамедов екен. Президенттің бұл әні өткенде ғана Ашхабатта өткен Азиада ойындарының гимні болды. Жалпы, ән тыңдарман қауымға 2015 жылдың қараша айында алғаш рет ұсынылған еді. Түркіменстанның Мары шаһарында өткен думанды кеште Түркіменбасы сахнада әнді өзі орындап, оны стадионға жиылған жұрт ду қол соғып қошеметтеген еді. Бұл салтанатты сәттің бейне жазбасы әлеуметтік желіде бар.

Әнді тыңдасаңыз, қазақтың бәріне таныс бір әуен секілді. Себебі, Гурбангулы Бердімұхамедовтың дәл осы әні қазақ сазгері Әбиірбек Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» дейтін композициясымен егіз қозының сыңарындай сәйкесіп тұр.

Әрине, түркменстандық нұсқада әуен жылдам қойылған, көңілді ән. Ал қазақтың мұңын шырқаған «Желтоқсан желі» баяу айтылады. Кім кімнен көшірді дегенге жауап табу да қиын емес. Түркмендердің әні 2015 жылы қарашада шыққанын жаздық. Ал «Желтоқсан желінің» халыққа тарағанына ширек ғасырдан асты.

Сонда, Түркменстан президентінің әні плагиат болғаны ма? Ұрланған ән Азиаданың әнұраны болды емес пе?..

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или