Алматыда жеңіл атлетика стадионының ашылу салтанаты өтті

Алматыда жеңіл атлетика стадионының ашылу салтанаты өтті

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 39 000 шаршы метрлік жеңіл атлетикаға арналған жаңа стадионның ашылу салтанаты өтті.

Мерекелік шараны салтанатты түрде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ашты.

«Жеңіл атлетика стадионы қаламыздың Алатау ауданында салуымыз кездейсоқтық емес. Алматының инфрақұрылымы, ауа-райы, табиғаты спортпен айналысуға өте қолайлы. Бұған дейін қаламызда мұндай мүмкіншілік болмаған. Ал қазір Алматы қаласының әкімдігі мен кәсіпкерлердің қолдауымен осындай үлкен жобаны жүзеге асырдық. Алматы қаласы тек мәдениет, экономика, медицина, білім орталығы ғана емес. Сонымен қатар, спорт орталығы. Ал кәсіби спорт ауладан басталады. 2016 жылы 300-ге жуық балар алаңдарын салдық. Осы жылы 472-ге жуық спорт нысандарын іске қосамыз. Сонымен қатар, халықпен талқыланған 2020 бағдарламасы аясында қаламызда қолжетімді спорттық инфрақұрылым құрамыз. Басты мақсат - әр баланың ауласынан шықпай-ақ спортпен шұғылдануын қамтамасыз ету. Меніңше, бұл болашақ жетістіктердің негізі. Айта кететін жайт, соңғы жылдары бұқаралық спортты дамыту жолында алға үлкен қадам жасадық. Қазіргі таңда, қаламыздың 29 % тұрғыны спортпен шұғылданады. Оған «Алматы марафон», «Almaty tour», «Әлем барысы», «Алматы барысы» сынды спорттық шараларды ұйымдасытыруымыз әсер етті», - деді Алматы қаласының әкімі.

Ашылу салтанатының құрметті қонақтары қатарында жүгіруден КСРО-ның алты дүркін чемпионы Әмин Тұяқов, бокстан Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбрайымов, Бақтияр Артаев, күрестен Олимпиада жүлдегері және маслихат депутаты Ислам Байрамуков, грек-рим күресінен екі дүркін Олимпиада жүлдегері, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, Әлем және Еуропа чемпионаттарының жеңімпазы Дәулет Тұрлыханов, Олимпиада чемпионы және жеңіл атлетика жұлдызы - Ольга Рыпакова болды.

Сондай-ақ нысанның бас мердігері «Юником Бизнес Групп» компаниясының бас директоры Банщиков Вячеслав Юрьевич мұндай шараға қуана ат салысқанын атап өтті. Оның айтуынша, алаң әлемдік стандарттарға сай салынған. 

«Бұл алаңда жастарымыз емін-еркін жаттығып, жеңіл атлетиканың 47 дисциплинасы бойынша сайыса алады. Стадионда 100, 400 метрге жүгіру жолдары бар. Аумағы 100х70 мертлік жасанды футбол алаңы мен биіктікке және ұзындыққа секіру орындары. Сонымен қатар, көлемі 100х62 метрлік табиғи шөп өсірілген ядро, диск, найза, шарбалға лақтыруға арналған алаң жасалған», - деп кәсіпкер сөзін түйіндеді. 

Шара соңында қаламыздың спорт мектептері өзара сайысқа түсіп, кім мықтыны анықтады. Осылайша,  Алматы қаласына қуаныш сыйлаған мега жобаның ашылу салтанатын жеңіл атлетика жарысы қорытындылады. 

  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или