Граховац – елордалық команданың «Атырау» қақпасына соққан 40-шы голының авторы

Граховац – елордалық команданың «Атырау» қақпасына соққан 40-шы голының авторы

«Астана» командасы өз алаңында «Атырауға» қарсы ойнап, 7:0 есебімен тас-талқан етті.

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Бұл жеңіс екі команда арасындағы 23 ойындағы елордалық команданың 14-ші жеңісі ретінде тіркелді.  Доп айырмасы 42:15.</span>

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Ойында соғылған Срджан Граховацтың «Атырау» қақпасына  соққан голы елордалық команданың батыс-қазақстандықтар қақпасына соққан 40-шы голы ретінде тіркелді.</span>

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Одан бөлек, Астанадағы ойын екі команда арасындағы ойындар тарихындағы ең нәтижелі матч ретінде тіркелді. Осыған дейінгі «Астана» - «Атырау» арасындағы ең нәтижелі ойындарда – 2012 жылы 5:0, 2011 жылы 3:2 және 2015 жылы 4:1 есептері тіркелген.</span>

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Ең қызығы ең нәтижелі ойындардың барлығы «Астана Арена» стадионында өткен кездесулерде тіркелген.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или