Юрий Мельников: Әлем чемпионатынан әлі шеттетілген жоқпыз

Юрий Мельников: Әлем чемпионатынан әлі шеттетілген жоқпыз

Ауыр атлетикадан ҚР ұлттық құрамасының бапкері Юрий Мельников команданың Әлем чемпионатынан шеттетілгені жайлы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.  

«Әлі ешкім әлем чемпионатына қатысудан шеттету туралы шешім шығарған жоқ. Бұл мәселе қыркүйектің соңында Бухаресте қаралады. Ал қазірге БАҚ құдды бір Қазақстан құрамасы шеттетілгендей жазып жүр - ол өтірік ақпарат. Тағы да қайталаймын, комиссия отырысы қыркүйектің соңында Бухаресте өтеді, тек сонда ғана шешім шығарылады», - деп пікір білдірді Қазақстанның ауыр атлетика құрама командасының бапкері Юрий Мельников.

Еске сала кетейік, БАҚ ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Анахаймда (АҚШ) өтетін 2017 жылғы әлем чемпионатына қатыспайтыны жайлы хабар таратқан еді. Қазақстан ӘЧ-2017 жарыстарына қатысудан шеттетілген тоғыз команданың қатарында деп хабарланған. Тізімдегі қалған сегіз команда Ресей, Қытай, Беларусь, Әзербайжан, Армения, Түркия, Украина және Молдавия құрамалары болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или