Дархан Аширов: Биылғы мақсат - ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізу

Дархан Аширов: Биылғы мақсат - ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізу

Ел біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы және бірнеше дүркін күміс жүлдегері, Өтеген батыр қаласының «Іле» әйелдер гандбол клубы Қазақстан чемпионаты мен Азия Чемпиондар лигасына дайындалуда. Аталмыш клубтың директоры Дархан Аширов мырза prosports.kz тілшісіне команданың жаңа маусымға жаттығуы мен Азия чемпиондар лигасына дайындығы жайлы айтып берді.

- Биыл командамыздың құрылғанына он жыл болып отыр. Осы уақыттың ішінде ұжымымыз талай жетістіктерге жетіп, көптеген белестерді бағындырды. Нақтырақ айтсам, Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанып, бірнеше рет жүлделі орыннан көрінді. Жастар арасында да топ жарды.

Өткен маусымда чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алдық. Алда бізді қыркүйек айында, Шымкент қаласында өтетін Қазақстан республикасының бірінші туры күтіп тұр. Сонымен қатар, былтыр «Тәуелсіздік кубогын» жеңіске жетіп, Азия чемпиондар лигасының  жолдамасына ие болдық. Қазіргі таңда осы жарыстарға қызу дайындық үстіндеміз.

Айта кететін жайт, төрт спортшымыз Джакартада өтіп жатқан құрлық біріншілігінде ұлттық құраманың намысын қорғауда.

Азия Чемпиондар лигасында командаға қойылған мақсат қандай?

- Былтыр ол жарыста жүлделі орыннан көрініп, үшінші орын иелендік. Биылғы мақсат -абыроймен өнер көрсетіп, ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізу. Қазақстанның еңбегі сіңірген бапкерлері Минеева Вера Ивановна мен Юсупов Мажит Каримович командамызды үлкен жетістіктерге жетелеуде.

- Сұхбатыңызға рахмет. Алдағы жарыстарда тек жеңіс тілейміз!!!

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или