Қазақстан - көкпардан әлем чемпионы
                  Қазақстан құрамасы көкпардан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
Астана қаласының «Қазанат» ипподромында өтіп жатқан тұңғыш көкпар чемпионатының финалында Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 4:1 есебімен жеңді.
Алаңға рухтанып шыққан қазақ жігіттері алғашқы минуттарда-ақ басымдығын аңғартты. 3-ші минутта Темірхан Айтбаев алғашқы салымды жүзеге асырып, жанкүйерлерді бір серпілтіп тастады. 8-ші минутта Бақтыбай Шырынқұлов есепті еселей түсті. 10 минутта Абылайхан Нышанбек есепті 3:0-ге жеткізген. Қарсыластар сапынан Рустам Тыналиев жауап қайтарды. Ал екінші кезеңде Александр Пупенко 4-ші салымды атына жазып Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады.
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или