Грек-рим палуандары ӘЧ-да қос күміс еншіледі

Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері араға он сегіз жыл салып Әлем чемпионатындағы жетістігін қайталай алды.
Парижде өткен дүбірлі додада қазақстандық палуандар екі күміс еншіледі. Қоржынға алғашқы күмісті 71 келі салмақтағы Демеу Жадыраев салды.
59 келідегі Мейрамбек Айнағұлов та финалға дейін қарсыласының бәрін қоғадай жапырып жеткенімін финалдық белдесуде сәттілік серік болмай, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Бұл Қазақстан грек-рим күресі палуандарының ұзақ күткен медальі болатын. Соңғы рет қазақстандық екі палуан Әлем чемпионатының финалына 1998 және 1999-жылдары шыққан еді.
1998-жылғы Әлем чемпионатында Бахтияр Байсеитов пен Мхитяр Манукян алтыннан алқа таққан. <br />Араға жыл салып Мхитяр Манукян өз жетістігін қайталаса, Юрий Мельниченко 1999-жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.
Бүгінгі қазақ палуандарының жеткен жетістігі бапкерлер қосынының, грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының, спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының, Мәдениет және спорт министірлігінің ұзақ уақыт жүргізген нәтижелі жұмысының жемісі екендігі сөссіз.