Түркиялық клуб ойыншысы «Игра престолов» сериалының стилінде таныстырылды

Түркиялық клуб ойыншысы «Игра престолов» сериалының стилінде таныстырылды

Түркиялық «Гезтепеспор» клубы Йоан Гуффранмен келісімге келді. Футболшыны таныстыру рәсімі «Игра престолов» сериалының стилінде өтті.<br />Франциялық футболшы түркиялық клубқа бос агент ретінде ауысты. Оның суретінде «Winter is here» жазуының орныны «Goufrann is here» деген жазуы жазылған.

Айта кетейік, «Игра престолов» сериалы HBO арнасынан  2011 жылдан бері көрсетіліп келеді. Жаңа басталған 7-ші маусымның тұсау кесері 16-шы шілдеде өтті. Ал жақында ғана хаккерлер HBO арнасына шабуыл жасап, әлі жарық көрмеген серияларын қылмыстық жолмен қолға түсіріп, желіге таратты. Нақтырақ айтсақ, қылмыскерлер 7-ші маусымның 4 сериясы және жалпы 7-8 маусымдар жайлы ақпараттарды ұрлаған.

Төртінші серияны мына сілтемеден көрсеңіз болады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или