Алмат Бекбаев: Командаға Нөсербаев жетіспеді
![Алмат Бекбаев: Командаға Нөсербаев жетіспеді](https://prosports.kz/upload/news/content/ff7744f448de605c3e84e925d76eca7d.jpg?v=28668143)
«Ордабасының» қақпашысы Алмат Бекбаев Prosports.Kz тілшісіне берген сұхбатында «Широки Бриегпен» өткен қарымта матч туралы айтып берді.
- Босниядағы ойынмен салыстырғанда жиі шабуылдадық. Жалпы жақсы ойнадық деп ойлаймын. Өкінштісі - гол соға алмадық. Бұл тұрғыда әлі де көп еңбек ету керек.
- Таңат Нөсербаев ойынға қатыспады. Неліктен?
- Таңаттың кішігірім жарақаты болды. Ол біздің көшбасшы ойыншымыз. Әрине, бүгінгі ойында Нөсербаев жетіспеді.
- Бірінші кездесумен салыстырғанда қандай айырмашылықтар болды?
- Боснияға жол ұзақ болды. Бұған қоса, әуежайда екі рет тексерістен өтуге мәжүр болдық. Біз үшін бұл өте ауыр сапар болды.
Естеріңізге сала кетсек, босниялық команда екі ойынның қорытындысы бойынша (2:0) Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті.