Андроник: «Қайрат» - мықты ойыншылардан жасақталған команда
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЛитвалық «Атлантастың» ойыншысы Давид Андроник «Қайратпен» өткен кездесу туралы айтып берді.
- Кездесу біз үшін ауыр болды, алаң қожайындары өздерінің мықтылығын дәлелдеді. Литва мен Қазақстан чемпионатының деңгейі әртүрлі екенін байқадық. «Қайрат» - мықты ойыншылардан жасақталған команда. Мұндай ұжымға қарсы тұру - өте қиын. Бұған қоса «Атлантастың» бірқатар жетекші ойыншылары клубтан кеткен болатын, - деді молдовалық футболшы Prosports.Kz сайтына.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Қайрат Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде «Атлантасты» 6:0 есебімен ойсырата ұтты.