Қазақстан құрамасы ширек финалда Вьетнаммен кездеседі

Қазақстан құрамасы ширек финалда Вьетнаммен кездеседі

23 жасқа дейінгі волейболшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы екінші топтық кезеңнің соңғы матчын өткізіп, Гонконг командасын үш сетте жеңді.

Қазақстандық волейболшылар ойынды бірден қолға алып, қарсыласқа мүмкіндік қалдырмады - 25:17, 25:10, 25:15.

Осылайша, Қазақстан үш ұпай жинап, топта үшінші орынға табан тіреді. Е тобынан Қытайлық Тайпей бірінші орын алса, Таиланд екінші сатыға жайғасты. Гонконг волейболшылары соңғы орында.

Енді Қазақстан құрамасы ширек финалда Вьетнам командасымен кездеседі. бұл матч 19 мамырда өтеді.

Ширек финалдың басқа жұптары: Жапония – Гонконг, Қытайлық Тайпей – Иран және Таиланд – Малайзия.

Қыздар. Е тобы. Накхонтратчасима, Таиланд.

17 мамыр нәтижелері.

Гонконг – Қазақстан – 0:3 (17:25, 10:25, 15:25)

Таиланд – Қытайлық Тайпей – 3:1 (27:25, 23:25, 28:26, 25:21)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или