Dodgers Stadium Головкин - Альварес кездесуін қабылдауы мүмкін

Dodgers Stadium Головкин - Альварес кездесуін қабылдауы мүмкін

Сауль «Канело» Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя жекпе-жекті өткізетін жер жайлы айтып өтті.

Оның айтуы бойынша Лос-Анджелестегі Dodgers Stadium бейсбол аренасы тиімді ұсыныс жасаған. «Лос-Анджелос Доджер» клубының иелерінің бірі Мэджик Джонсон кездесуді аталмыш стадионда өткізуге дайын екендігін білдірген.

«Мен анық-қанығын айта алмаймын. Бірақ Мэджик Джонсон жақсы ұсыныс жасады. Біз оны қарап шығуымыз керек. Джонсон мен «Доджерс» осы жекпе-жекті қабылдауға өтініш білдіргендердің ішінде көш бастап тұр», - деді промоутер Los Angeles Times басылымына берген сұхбатында.

Бұдан бөлек бокс кешін қабылдауға Лас-Вегас, Даллас, Нью-Йорк, Техас, сонымен қатар Мексика, Англия және Азияның ареналары дайын екендігін білдірді. <br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или