СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚЫЗЫҚТАР
Басқа

Сіз білесіз бе? 1-ші бөлім

Сіз білесіз бе? 1-ші бөлім
news-banner7
mobile-news-top

Федерер шөпте, Надаль топырақта ойнаған матчта кім жеңді?

2007 жылы корттың бір жартысы шөптен, екіншісі топырақтан тұратын теннис матчы өтті. Шөп жабындысында бес жыл бойы жеңілмей келе жатқан Роджер Федерер топырақта үш жыл бойы қарсыластың бәрін жеңген Рафаэль Надальмен күш сынасты. Үш сеттің қорытындысы бойынша Надаль жеңіске жетті.

Youtube-тағы роликтерді көріп алып, құрлық чемпионы атанған спортшы кім?

Кениялық Джулиус Йего Youtube-тан Олимпиада чемпиондарының видеоларын қарап, найза лақтырып үйренген. Тек Бүкілафрикалық ойындарда жеңіске жеткен соң ғана бапкермен жаттығу жасай бастайды. 2015 жылы ол әлем чемпионатында топ жарса, былтыр Рио Олимпиадасында күміс медальға қол жеткізді.

c723792134974eecd397126fcb455f52.jpg

Аустралияның алғашқы алтын медалі қалай алынды?

Қысқы Олимпиада ойындарында Аустралияның алғашқы алтын медалін шорт-трекші Стивен Брэдбери 2002 жылы жеңіп алды. Бұған дейінгі Олимпиада ойындарында ол алғашқы кезеңнен өте алмай жүрген-ді. Бірақ бұл жолы ол ширек финалда үшінші орын иеленгенімен, сол топта топ жарған спортшының дисквалификация алуымен, келесі айналымға өтеді. Жартылай финалда ол соңғы орында келе жатқан, алайда алдыңғы екеуі бір-бірімен соқтығысып, Стивен мәре сызығын екінші болып кесті. Ал финалда оның барлық қарсыластары құлап қалып, соңғы келе жатқан Брэдбери бірінші орын алды.

Көрші стадионда қатысушылармен бірге жүгіріп, рекордсменді озып кеткен кім?

1924 жылы Париждегі Олимпиада ойындарында финляндиялық желаяқ Пааво Нурми өзі қатысқан барлық жарысты жеңіп алды. Ол жеке және командалық кросста, 3000 метр, 1500 және 5000 метрге командалық жарыстарда топ жарды. Ал он шақырымдық жарыста финндердің делегациясы Нурмидің орнына Вилле Ритолуды шығарған. Соңғысы әлем рекордын орнатып, жеңіске жетті. Алайда стадион жиегіндегі жаттығу алаңында Нурми қатысушылармен бір уақытта жүгіріп, жеңімпаздан бірінші болып келді.

e6ba2849e08b2cb4dcf10d758265026b.jpg

Футболшының ең ұзақ тегі қайдан шыққан?

Еуропалық футболда Нидерланды құрамасының бұрынғы ойыншысы Ян Веннегор оф Хесселинк ең ұзақ фамилия иегері саналады. 17 ғасырда екі фермалық отбасы Веннегорлар мен Хесселинктер бірігеді. Екі отбасы да бірдей әлеуметтік жағдайда болғандықтан, қос фамилияны қосып жіберген. Оның үстіне, тектер дефис арқылы емес, нидерланд тілінде «немесе» деген мағынаны беретін «of» сөзімен байланысады.

3b8458cf935e94dcb80b59d5ddc97e4c.jpg

Криштиану Роналду есімі кімнің құрметіне қойылды?

Криштиану Роналду — бұл есім. Португалияда Роналду деген есім өте сирек кездеседі. Бірақ болашақ футбол жұлдызының әкесі АҚШ-тың сол кездегі президенті Рональд Рейганды өте қастерлейтін. Сондықтан өз баласына соның есімін берген.

81a164efd26cdde9c9038c3cdfe576d5.jpg

Допты өз себетіне салып, командасын келесі кезеңге алып шыққан кім?

1962 жылы Еуропалық чемпиондар кубогының 1/8 финалында ленинградтық СКА баскетболшылары өз алаңында польшалық «Академикті» сенімді жеңіп, енді қонақта қарымта матч өткізіп жатқан. Кездесудің аяғына таман есеп 70:70 болып тұрды. Ереже бойынша енді қосымша тайм ойналуы керек еді. Алайда СКА бапкері бірінші матчтағы басымдықтарын қосымша таймда жоғалтып алмас үшін, Нина Познанскаяға допты өз себетіне салуға нұсқау берген. Осылайша, екі ойынның қорытындысы бойынша СКА келесі кезеңге өтті.

b10c82b792585ce526d05401ca2cb62e.jpg

Саморано өз нөмірінің ортасына «қосу» белгісін неге қойды?

1998 жылы «Интерге» ауысқан Роберто Баджо өзінің сүйікті 10-шы нөмірімен ойнауды сұраған. Ал Роналдо командаласына сол нөмірін беріп, өзі 9-шы нөмірлі жейдеді талап етеді. Ол кезде 9-шы нөмір чилилік Иван Саморанода болатын. Саморано бразилиялық әріптесіне 9-шы нөмірді беріп, өзіне 18-ді алған. Сөйтіп, 9-шы нөмірмен қоштасқысы келмеген Иван 1 мен 8 сандарының арасына «қосу» белгісін қойды.

d979bc74f5abe696716c9ff9d93c2edd.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер