Давид Лория: Қазақстандықтарды Наурызбен ерекше құттықтағымыз келеді

Давид Лория: Қазақстандықтарды Наурызбен ерекше құттықтағымыз келеді

Қазақстан құрамасының қақпашысы Давид Лория алдағы ойындарда жеңіске жетіп, қазақстандықтарға Наурыз мейрамында сыйлық жасауға тырысатындарын айтты.

«Құрама мен үшін өмірімдегі ең негізгі команда екенін қашан да айтып жүремін. Кипр мен Арменияға қарсы матчтарға шақырту алғаныма қуаныштымын. Қазақстандықтарды қуантып, мерекемен құттықтау үшін алдағы матчтарда жеңіске жетуге тырысамыз. Жаттығуларда қолымнан не келетінін көрсетемін, ал негізгі құрамдағы орынды кімге сеніп тапсыратынын бапкерлік штаб шешеді», - деді Лория sportsffa.kz порталына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или