Дәйек пен Шүбә
Күрес

2018 жылы күрес адам танымастай өзгереді

2018 жылы күрес адам танымастай өзгереді
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен күрес әлемі (UWW) күрес ережесіндегі өзгерістер жайлы хабарлады.

Салмақ категориялары 8-ден 10-ға дейін көбейеді. Бұл мәселе профильді комиссиямен бірігіп бүге-шүгесіне дейін талқыланады. Сонғы шешім Париждегі әлем чемпионаты кезінде қабылданбақ. Ересектер, жасөспірімдер және U-23 балуандары арасындағы салмақ жаңа салмақ дәрежелері 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енбек.

Екі күндік жарыс форматы жасөспірімдер арасындағы шілде айында өтетін Еуропа чемпионаты мен қыркүйекте өтетін әлем чемпионаты кезінде сынақтан өткізіледі. Егер жаңа формат сынақтан сәтті өтсе, бұл ереже 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енеді. Екі күндік жарыс кезінде әр күні таңертең салмақ өлшеу рәсімі өтеді. Екінші күні салмақ өлшеу кезінде 2 келіге ауытқу рұқсат етіледі. Бұл салмақ қуалауды жеңілдетіп, финалдық кездесулерді жарнамалауға жақсы әсерін тигізеді деп күтілуде.

Бюро мүшелері әлем чемпионаты кезінде мықты балуандарды анықтау үшін, спортшылардың жылдық рейтингісін жасауға дауыс берген. 2017 жылы өтетін әлем чемпионатында ретингі 2016 жылы өткен Олимпиаданың нәтижелері және осы жылғы континенталды жарыстардың нәтижесімен анықталады.

Балуандар ұпай ала алатын қосымша жарыстар жылдық турнирлер кестесіне енгізілуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер