Сенсация! Роман Гонсалес жеңіліс тапты

Сенсация! Роман Гонсалес жеңіліс тапты

Головкин - Джейкобс бокс кешінің аясында жеңілмеген боксшы, Р4Р рейтингісінің көшбасшысы никарагуалық Роман Гонсалес таиландтық Висаксил Вангекпен жұдырықтасты.

«Чоколатито» кездесуді бәсең бастап, қарсыласын өзіне шақырып, қарымта шабуылға ден қойған. Бірақ, Гонсалес бір соққы жіберіп алып, нокдаунға түсті. Екінші раундта қос боксшы аңдыспай шабуыл жасай бастады. Кезең соңына таман соққы алмасқан былғары қолғап шеберлері, жеңіс үшін келгенін аңғартқандай болды. Үшінші раундта да сол қарқыннан тайынбады. Осы жолы «Чоколатитоның» қабағы жарылды. Никарагуалық кездесуді ұзаққа созуға болмайтынын сезсе керек, бірден шабуылға кірісіп, соққыларын дарыта бастады. Төртінші кезеңде де таиландық көбінесе қорғанумен болды.

Келесі раундтарда Роман Гонсалес шабуылын үдете түсті. Никарагуалықтың жиі шабуылынан Вангек қателік жібере бастады. Жарақатына байланысты «Чоколатито» жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтауға да тырысты. Тоғызыншы раундта Роман тағы дәрігерлердің көмегіне жүгінуіне тура келді. Жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат алған никарагуалық басымдықты өз қолынан жібермей, шабуылын үдете  түсті. Таиландтық баспен ұрып, жарақатын ушықтыру мақсатында жасаған әрекеттері үшін төрешіден ескерту алды. Бірақ үздіксіз шабуыл нәтиже бермеді.

12 раундтық кездесуде Роман Гонсалес төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или