Головкин: Кім жеңсе сол орта салмақта №1 болады

Головкин: Кім жеңсе сол орта салмақта №1 болады

Геннадий Головкин Дэниэл Джейкобспен болатын кездесуі алдында НВО каналына алдағы жекпе-жектен не күтетінін айтты.

«Өз басым Джейкобсты құрметтеймін. Мен оны дәл бүгінге дейін кездескен боксшыларымның арасындағы ең мықтыс деп есептеймін. Ол өте ақылды және тәжірибелі боксшы. Келл Брукпен көшеде жүргендей төбелес болды. Ал Джейкобспен бокс болады. Мен бұл кездесудің ойыншық емес екенін түсінемін. Себебі кім жеңсе сол орта салмақта нөмір бірінші боксшы атанады», — дейді Головкин.

Естеріңізге салсақ, Головкин — Джейкобс кездесуі 19-шы наурызда   Нью-Йорктегі атақты Madison Square Garden аренасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или