Criminals
Басқа

Ресейлік шенеунік допинг дауына ілігіп, өмір бойы спорттан шеттетілді

Ресейлік шенеунік допинг дауына ілігіп, өмір бойы спорттан шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Лозаннадағы спорттық арбитражды сот (CAS) Ресейдің дене шынықтыру және спорт институтының бұрынғы директорының орынбасары Сергей Португаловты өмір бақи спорттан шететті.

Бұл туралы Ресейдің жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты мәлімдеді. Шешім 10-шы наурыз күні қабылданып, өз күшіне енді.

Португаловтың антидопинг заңнамасының бірнеше тармақтарын бұзғаны дәлелденді. Олар:«тыйым салынған субстанцияны иелену немесе әдіс-тәсілді қолдану», «тыйым салынған субстанцияны тарату немесе әдіс тәсіл-қолдану», «тыйым салынған затты тағайындау немесе сол сияқты әдіс-тәсілдер».

Атидопинг мәселесі бойынша халықаралық дәрежедегі маман Сергей Португалов германиялық ARD телеарнасының Ресей допингі бағдарламасына да шыққан. Сол бағдарламаның бірінде Сергейдің Дүниежүзілік антидпинг агенттігінің (WADA) ақпаратшысымен әңгімесі көрсетілген. Ол желаяқ қыз Юлия Степановаға тыйым салынған дәрілерді дұрыс қолдану жайлы кеңес берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер