Criminals
Басқа

Мұздағы марафон өліммен аяқталды

news-banner7
mobile-news-top

Мәскеулік шаңғышы Байкал мұз марафоны кезінде кенеттен жүрегі тоқтап, көз жұмды.

0524260e42eaac1199716bd6eabb911d.jpg

Бұл туралы ТАСС шара ұйымдастырушыларына сілтеме жасап хабарлады. Өз есімін атауды жөн көрмеген ақпарат көзі 35 жастағы спортшының неден өлгенін анықтау мақсатында мәйітті сойып жатқанын хабарлады.

«Алдын ала болжам бойынша, спортшының жүрегі кенеттен тоқтап қалған. Дәрігер оның өмірін сақтап қалуға қанша тырысқанымен, ер адамды ажалдан арашалап қала алмады», - деді ақпарат көзі.

Айта кетейік, Байкал мұз марафоны 7 наурыз күні «Зимниада - 2017» халықаралық фестивалі аясында өткен. Бұл марафон әлем бойынша ең күрделі жарыстардың бірі болып саналады. Бәсекеге әлемнің 32 елінен 200 спортшы қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер