Станимир Стойлов: Фавориттер жайлы сөз қозғауға әлі ерте

«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов матч алдындағы баспасөз мәслихатында ертеңгі ойын жайлы пікірімен бөлісті.
- Футбол маусымын бастайтынымызға қуаныштымын. Жақсы футбол көрсетеміз. Суперкубокты ұтып алу біз үшін маңызды болмақ.
- Екі жоғарғы деңгейлі футболшы кетті. Қазір команданың қарымы қалай?
- Әзіргі бұл туралы айту қиынға соғады. Чемпионат басталған кезде көре жатармыз. Иә, бұл біз мықты ойыншыларды жоғалттық. Бірнеше осал жерімізді күшейтуге болады. Екі команданың бабы қандай деңгейде болатынын ешкім айта алмайды. Ертең екі команданың жағдайын көреміз.
- Неманья Максимович ойынға қаншалықты дайын?
- Максимович Алматыға мүлде келмеді.
- «Қайраттың» құрамынан кімдерді атап айтар едіңіз?
- Жекелей ешкімді атап айтпаймын. Олардың құрамында жақсы ойыншылар көп. Біз бір-екі ойыншыны бақылап қана ойнай алмаймыз. Біз команданың өзіне дайындалуымыз керек.
- «Қайраттан»бөлек, чемпионатта кім қарсылас атанады?
- Қазір фафориттер мен Еуропа Лигасы үшін кімнің талас жүргізетінін басып айту қиын. Әлі жаңа ойыншылар алынып, командалар күшейе түседі. Бірнеше турлардан кейін кімнің қандай орынға таласа алатыны белгілі болады. Менің командам әлі де көбейеді. Футболшылар өздеріне талап қоюы тиіс. Бізге әлі ресми тапсырма қойылмады.
- Команда Алматыдан кейін Шымкентке кете ме?
- Ойыннан кейін Астанағ барамыз, содан кейін Шымкентке. Бұған көп себеп бар. Ертең «Қайрат» жақсы ойын көрсетеді. Біз де құр қалмаймыз деп үміттенемін.
- «Қайраттың» сапында «Астананың» екі бұрынғы ойыншысы бар. Бұған қалай дайындаласыздар?
- Шынымды айтсам, Жуковтың алматылық клубқа ауысады деп ойламадым. Ол тамаша футболшы әрі болашағы бар. «Қайратқа» келген ойыншылар жақсы ойнайды.
- «Астананың» капитаны кім болады?
- Эрич бірінші капитан болады. Ары қарай «Астана» сапында кім көп ойын өткізді сол капитан болмақ.
- Ертең қақпаға кім тұрады?
- Мокин өткен жылы өзін жақсы қырынан көрсетті. Сондықтан да ертең Мокин тұрады.
- Бұрын Фокси Кетевоама команданың плеймейкері болды. Енді бұл рөлді кім атқарады?
- Әр бапкердің шорт-листі болады. Менде ондай жоқ. Қолда бар мүмкіндікті қолданамыз. Қаржы болса, жақсы ойыншыны алуымыз мүмкін. Бәрі қаржыға байланысты.
- Ауа-райы ойынға өзгеріс енгізе ма?
- Егер ауа-райы былтырғыдай болса, онда ойын жоспарын өзгертуге тура келеді. Біз Алматыда екінші рет осындай ауа-райында ойнағалы тұрмыз. Маусымда бұл қалада жылы әрі жанкүйерлер көп келеді.
Фото Олег Спивактікі