Месси «Барселонаға» ультиматум қойды

Месси «Барселонаға» ультиматум қойды

«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси клуб басшылығынан үш футболшыдан арылуды талап етті. Олар: Люк Динь, Жереми Матье және Андре Гомеш. Бұл туралы DonBalon хабарлады.

Бұл талаптары орындалмаса, аргентиналық клубпен келісімшарт мерзімін ұзартпайтынын айтқан. Месси команданың франциялық ПСЖ-дан (0:4) ұтылғанына көңілі толмайды. Естеріңізге сала кетейін, Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы қарымта матч 8-ші наурыз күні өтеді.

Динь мен Гомеш каталониялық клубқа 2016 жылы келген болатын. Ал, Матье командаға екі жыл бұрын қосылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или