Қысқы

Универсиада. Қазақстанның Қытайды 22:0 есебімен жеңуі өзгерістерге алып келуі мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) Алматыда өткен қысқы Универсиададағы хоккейдің деңгейіне оң баға берді, алайда командалар деңгейіндегі айырмашылық қатты байқалмас үшін турнирдің форматын өзгерту керек, деп мәлімдеді FISU президенті Олег Матыцин. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Сайыстың алғашқы күнінде қазақстандық хоккейшілер Қытай құрамасын 22:0 есебімен, ойсырата жеңді.

«Хоккейдің деңгейі көңілімізден шықты, әйтсе де Универсиададағы ойындарға спортшылар түрлі көзқараспен қарайды. Финалдық матчтардың деңгейі ірі іс-шараларға лайықты. Бұл турнир FISU-дың турнирді өткізу үлгісін өзгерту керектігін көрсетіп берді. Себебі, ойыншылардың деңгейі әртүрлі. Мүмкін, 22:0 секілді есептер болмас үшін екі дивизион жасау керек шығар. Командалардың дайындық деңгейі өте жоғары, сондықтан төрешілердің бағалауы да осыған сай болды», - деді Матыцин журналистерге.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер