Қысқы

Алматыда жол қозғалысы шектеледі

news-banner7
mobile-news-top

Алматы полициясы Универсиада-2017 жабылу салтанатында жол қозғалысы шектелетін бағыттар туралы мәлімдеді.

«2017 жылы 8 ақпан күні сағат 13:00-ден бастап, салтанатты рәсімнің аяқталатын уақытына дейін Момышұлы көшесінің Рысқұлов даңғылы мен Ақын Сара көшелерінің арасындағы бөлігі екі бағытта да жабық болады», - делінген Алматы қаласының ІІД-нің таратқан хабарламасында.
Айта кетейік, заң құлдары азаматтарға жол маршруттарын алдын ала жоспарлауға және жол ережелерін қатаң ұстауға шақырады. Алматы әкімдігінің хабарлауынша, 8 ақпан күні өтетін Универсиаданың жабылу салтанатында «Алматы Аренаға» жанкүйерлер мен меймандарды жеткізу кезінде қосымша маршруттар жасақталады. Арнайы көліктер қаланың екі жерінде қызмет көрсетеді. Автобустар 15.00-17-30 сағатта қатынай бастайды. 1. Орталық Стадион - «Алматы Арена» мұз кешені; 2. Астана Алаңы (ҚБТУ) - «Алматы Арена» мұз кешені. Жүру ақысы - 100 теңге.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер