СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚЫЗЫҚТАР
Футбол

«Ең, ең...» Футболдағы рекордтар

«Ең, ең...» Футболдағы рекордтар
news-banner7
mobile-news-top

Футбол – әлемдегі ең атақты спорт. Бүгінде бүкіл әлем осы спортқа қыруар қаржы құйып, футболшылар нағыз жұлдыз болып жүр. Бірақ бүкіл әлемдегі миллиондаған футболшылардың ішінде ерекше нәтижелерімен көзге түскендер көп. Назарларыңызға футболда қойылған рекордтарды ұсынамыз.

- Ресми голдар бойынша ең көп гол соққан футболшы – Пеле. Футбол патшасы 1956-77 жылдар арасында 1363 матчқа қатысып, 1279 рет қанжығасын майлаған. Бірақ Пелеге дейін ойнаған тағы бір бразилиялық Артур Фриденрейх одан да көп гол соққан екен. Әйтсе де, бұл ресми дәлелденген жоқ.

- Стадионда жанкүйер ең көп жиналған матч Бразилия мен Уругвай арасында өтті. 1950 жылдың 16 шілдесінде Рио-де-Жанейроның «Маракана» стадионында өткен ойынға 199 854 жанкүйер жиналды.

- Ал дәл осы көрсеткіш бойынша антирекордты Уэльс пен Солтүстік Ирландия матчы қойды. 1982 жылы Рексхэмде «Граундқа» 2315 көрермен ғана келген.

- Кәсіпқой деңгейде көп матч өткізу бойынша рекорд ағылшын ойыншысы Питер Шилтонға тиесілі. Ол жоғары деңгейде 1390 матч өткізген. Осы көрсеткішпен ол Пеледен (1363 матч) озып кеткен болатын.

- Футболда ең жылдам соғылған голдар бойынша түрлі деректер бар. Мысалы, 1992 жылы «Ньюикте» ойнайтын англиялық Ричард Нэш ойын басталған соң, 4 секундтан кейін қарсылас қақпасына гол соғып кетті.

- Мексикалық төреші Гонсалес бір матчта 26 қызыл қағаз көрсетуімен тарихта қалды. Алаңдағы жанжалдан кейін ол 22 футболшының бәрін алаңнан қуып қана қоймай, команданың бапкерлеріне де қызыл қағаз көрсеткен.

- 1979 жылы югославиялық «Илинден» клубына жоғары лигаға жолдама алу үшін қарсыласын ірі есеппен жеңу керек болатын. Сөйтіп, олар «Младостаға» қарсы ойында қарсыласын 134:1 есебімен тас-талқан еткен. Бірақ кейін белгілі болғандай, бұл келісілген матч болып шықты.

- Әйелдер футболында бір ойында көп гол соғу бойынша рекорд иесі – Линда Керл. Ол 1983 жылы бір матчта қарсыласына 22 гол соққан, ал оның командасы 40:0 есебімен жеңіске жетті.

- Кәсіпқой деңгейдегі матчқа қатысқан ең жас футболшыға тоқталсақ. Боливия чемпионатында «Аурора» мен «Ла-Пас» матчында алаң иелерінің бас бапкері Хулио Сесар қиын жағдайда қалды. Командада ойыншылардың басым бөлігі жарақаттанып, көбі алаңға шыға алмады. Сондықтан, ол өзінің ұлын алаңға жіберді. Маурисионың жасы 12-де болатын.

P.S. Бокстағы рекордтарды мына сілтемеден оқи аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер