Уоррен: «Сондерс не Головкинмен, не Альвареспен кездеседі»

Уоррен: «Сондерс не Головкинмен, не Альвареспен кездеседі»

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уорреннің айтуынша, британиялық боксшы 2017 жылы үлкен жекпе-жек өткізеді.

«Билли Джо Сондерс 2017 жылы Геннадий Головкин немесе Сауль Альвареспен жұдырықтасады. Кіші Крис Юбенкпен реванш та үлкен жекпе-жек болар еді, бірақ ол кездесу өтпейді», - деп жазды Уоррен  Daily Star-да.

Бұған дейін Сондерс Артур Акавовқа қарсы кездесуде төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, титулын қорғап қалған болатын.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или