«Елімайдың» 28 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушысы Шина алдағы Премьер-лиганың 18-туры аясындағы «Қызылжарға» қарсы ойынға қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Премьер-лиганың 17-туры аясындағы «Тұранға» қарсы ойында (6:0) Рожерио Алвес дос Сантос маусымда төртінші рет ескерту алды. Ол алдағы «Қызылжарға» қарсы матчқа қатыспайды.

Айта кетейік, Рожерио Алвес дос Сантос биылғы чемпионатта 14 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.