Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасының ең тәжірибелі мүшесі Эльмир Алимжанов 2024 жылғы Олимпиаданың 1/16 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алимжановтың қарсыласы – франциялық Луиджи Мидльтон болды. Қарсыластар өте тартысты жекпе-жек өткізіп, жеңімпаз бір ұпай айырмашылығымен анықталды.

Кездесу 15:14 есебімен Эльмирдің жеңісімен аяқталды.

Айта кетелік, бұған дейін қазақстандық Руслан Курбанов Олимпиаданың 1/8 айналымына шыққан болатын.

Фото: Владислав Семенов