Мадридтік «Реал» шабуылшы Килиан Мбаппенің футболкаларын сата бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бір күннің ішінде франциялық шабуылшының нөмірі мен тегі жазылған жейделердің сатылымы Джуд Беллингемдікінен 450% жоғары болды.

Мадридтік клубтың интернет-дүкені Мбаппенің жейделерінен 1 миллион еуро табыс тауып үлгерді. Сонымен қатар, «корольдік клуб» оффлайн дүкенінде 7 мыңнан астам футболка сатты.

Бұған дейін 25 жастағы Мбаппенің «Реалда» 9 нөмірмен өнер көрсететіні белгілі болған еді.