Танымал боксшы Артем Резников Сочиде өткен ACA177 турнирінде ресейлік Мухамед Коковты жеңгеннен кейін қазақстандық жанкүйерлерге алғыс айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстанға, Махачкалаға, Дағыстанға, Осетияға - жаттыққан жердің бәріне рахмет айтқым келеді. Қазақстан, бұл біздің жеңісіміз! Оған қоса, Қазақстаннан Дағыстанға сәлем жолдағым келеді», - деді Резников жекпе-жектен кейін.

Айта кетейік, Артем Резников (24-8) лигадағы екі жеңілісінен кейін жеңіс жолына қайта оралды. Мухамед Коков (19-9) қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырады.