Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (41 WTA) Бирмингемде (Ұлыбритания) жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

WTA 250 категориясындағы турнирдің ширек финалында әлемнің 41-ракеткасы америкалық Кэролайн Доулхайдты (WTA 61) үш сетте жеңді - 6:3, 6:7 (2:7), 6:1.

Енді Путинцева жартылай финалда италиялық Элизабетта Коччареттомен кездеседі. Ойын ертең 22 маусымда өтеді.