Қазақстандық теннисші Анна Данилина Гайбадағы (Италия) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жұптық сынында ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қытайлық спортшы Сюй Ифанмен бірге қазақстандық тенисші америкалық Хейли Баптисте – Алисия Паркс жұбынан үш сетте 5:7, 6:4, 6:10 жалпы есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылды.

Айта кетейік, 28 жастағы Данилина қазір WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) әлемдік рейтингінде жұптық сайыста 53-орында тұр, бұл қазақстандық теннисшілер арасындағы ең жақсы нәтиже.