Танымал UFC файтері, америкалық Хоакин Бакли әлеуметтік желіде танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновқа (18-0) тиісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Америкалық Хоакин Бакли Twitter-де жазба жариялап, Рахмоновты белгіледі:

«Дағыстан, Өзбекстан, Пәкістан, Қазақстан секілді стан-ға аяқталатын елдердің спортшыларымен төбелескім келеді», - деді америкалық файтер.

Содан кейін Хоакин Шавкаттың бұрынғы қарсыласы Стивен Томпсонды жекпе-жекке шақырды.

«Вандербой, сенде бәрі жақсы ма? Тамызда боссың ба?», - деп жазды Бакли.

Естеріңізге сала кетейік, жартылай орта салмақта Бакли төрт рет жеңіске жетіп, рейтингте 11-ші орында тұр.