Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирін сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина бірінші айналымда бельгиялық Гретье Минненді 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Айта кетейік, матч 1 сағат 13 минутқа созылды.

Әйелдер арасындағы Франция ашық чемпионаты 26 мамыр мен 8 маусым аралығында өтіп жатыр. Әйелдер арасындағы жекелей сында жалпы жүлде қоры 53,4 миллион еуроны құрайды.