Қазақстандық теннисші Анна Данилина Рабатта (Марокко) өтіп жатқан турнирде ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қытайлық спортшы Сюй Йифанмен жұп құраған қазақстандық қыз британ-қытай теннисші дуэті Харриет Дарт – Сю Вангты үш сетте 0:6, 6:3, 10:7 жалпы есебімен жеңді. Кездесу бір сағат 13 минутқа созылды.

Айта кетейік, 28 жастағы Данилина қазір WTA (Әйелдер теннисі қауымдастығы) әлемдік рейтингінде жұптық сайыста 51-ші орында тұр, бұл қазақстандық теннисшілер арасындағы ең жақсы нәтиже.