Жүзуден Қазақстан құрамасы ересектер арасындағы Түркия чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасында Диана Тасжанова, София Сподаренко, Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, Даниела Дю өнер көрсетеді.

Ерлер арасында Әділбек Мусин, Арсен Қожахметов, Егор Василенко, Максим Сказовцов, Даниил Черепанов, Егор Попов қатысады.

Айта кетейік, турнир алдында жүзуден Қазақстан құрамасы Испанияда оқу-жаттығу жиындарын өткізген болатын.