Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан Азия біріншілігі басталады.

Құрлық додасында Қазақстаннан жалпы есебі 8 спортшы бақ сынайды.

Жекелей сында Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді.

Ал топтық жаттығуда Аяулым Кәдір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбағар, Мария Корниенко, София Ан сынға түседі.

Айта кетейік, осы Азия чемпионатында жекелей сыннан 1, топтық жаттығудан 1 олимпиадалық квота ойнатылады.

Лицензия көпсайыс нәтижесі бойынша беріледі.