Әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған ресейлік теннисші Даниил Медведев Мадридте (Испания) өтіп жатқан «Мастерс» турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші айналымда ресейлік теннисші америкалық Себастьян Кордоны үш сетте 5:7, 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңді.

Матч 2 сағат 25 минутқа созылды.

Келесі айналымда Медведев 1/16 финалда Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бубликпен (АТР бойынша 18-орын) кездеседі.