Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик (әлемдік рейтингте 18-орын) Мадридте (Испания) өтіп жатқан ATP 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші айналымда қазақстандық теннисші әлемнің 15-ракеткасы америкалық Бен Шелтонмен кездесіп, 3-6, 7-6 (7-2), 6-4 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 2 сағат 11 минутқа созылды.