Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Шэньчжэньдегі турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Евсеев бірінші айналымда түрік Алтуғ Челикбілектен басым түсті - 3:6, 6:1, 6:4.

Шешуші сетте қазақстандық ойыншы 0:4 есебімен жеңіліп жатқан еді.

Келесі айналымда Евсеев австралиялық Филип Секуличпен ойнайды.