24 сәуір – 5 мамыр аралығында Мадридте өтетін мастерс турнирінде қазақстандықтар Александр Бублик пен Александр Шевченконың қарсыластары анықталды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Александр Бубликтің рейтингісі жоғары болғандықтан, жарысты екінші айналымнан бастайды.

А.Бублик әлемнің 54-ракеткасы, германиялық Доминик Кёпфер немесе рейтингіде 68-орындағы испаниялық Роберто Карбальес-Баэнаның қай жеңгенімен кортқа шығады.

Қазақстанның екінші, әлемнің 59-ракеткасы Александр Шевченко алғашқы айналымда рейтингіде 77-сатыдағы франциялық Артур Риндеркнешпен өзара мықтыны анықтайды.

Егер одан өткен жағдайда әлемнің 3-ракеткасы, Мадрид мастерс турнирінің өткен жылғы чемпионы, испаниялық Карлос Алькараспен сынға түседі.

Өткен жылы А.Бублик Мадридте екінші айналымнан аса алмаса, А.Шевченко тіпті қатыспаған екен.