Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Мексиканың Морелос қаласында өтіп жатқан жекелей турнирде ширек финалдық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұқаев австралиялық теннисші Адам Уолтонмен кездесіп, үш сетте 6:7, 7:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 3 сағатқа созылды.

Айта кетейік, 23 жастағы қазақстандық спортшы ATP әлемдік рейтингінде 192-орында, ал австралиялық теннисші 135-орында тұр.