Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек боксшысы Асу Алмабаев Instagram желісіндегі парақшасында UFC-дегі келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Уақыты, күні және орны белгілі», - деп жазды қазақстандық файтер әлеуметтік желідегі парақшасының «сторис» бөлімінде.

Алмабаев қазір Осетияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Айта кетейік, Асу UFC турнирінде екі жекпе-жек өткізген. Өткен тамыз айында қазақстандық ямайкалық спортшы Ауди Осборнды екінші раундта ұтқан болатын. Ағымдағы жылдың наурыз айында Алмабаев америкалық Си Джей Вергараны төрешілер шешімімен жеңді.