Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Андоррада өтіп жатқан IIA дивизионындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші ойында Александр Тебеньковтың шәкірттері Қытайдың Тайбэй командасын 3:0 есебімен ұтты.

Шайба соққандар: Анастасия Оразбаева, Екатерина Куценко және Александра Шегай.

Айта кетейік, команданы Исландия, Бельгия және Испаниямен де кездесулер күтіп тұр.