MMA-Oracle.com сайты кәсіпқой аралас жекпе-жек бойынша мемлекеттер рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Абсолют көшбасшы – АҚШ, оларға 209 428 ұпай берілген. Екінші орында 140 091 ұпаймен Бразилия тұр. Ал үздік үштікті Ресей түйіндейді, олардың еншісінде 84 587 ұпай бар. Сонымен, ММА-дегі үздік елдер қатарына Жапония, Ұлыбритания, Канада, Польша, Украина, Франция мен Аустралия енді.

Қазақстан бұл рейтингте үздік ондыққа ене алмады, қазір 15-орында тұр – 7 718 ұпай.

Кәсіпқой ММА-дегі топ-10 ел:1. АҚШ — 209 4282. Бразилия — 140 0913. Ресей — 84 5874. Жапония — 50 1295. Ұлыбритания — 27 8816. Канада — 21 2747. Польша — 19 8438. Украина — 16 2119. Франция — 14 02310. Аустралия — 10 213...15. Қазақстан — 7 718.