Бішкекте есту қабілеті нашар спортшылар арасында таэквондодан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтар 2 алтын, 4 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды.

Ерлер арасында:1 орын — Диас Рысбеков (54 кг);2 орын — Аян Абдраш (58 кг);2 орын — Ансар Орлов (63 кг);2 орын — Руслан Ахметов (+80 кг);3 орын — Мади Сейсенбаев (58 кг);3 орын — Константин Небельцов (63 кг);3 орын — Нурдаулет Жакып (68 кг);3 орын — Арлан Жантемир (74 кг);3 орын — Айбар Кайратулы (74 кг);3 орын — Виктор Фрундин (+87 кг);5 орын — Олжас Рысжанов (Пхумсе);5 орын — Азамат Сансызбаев (57 кг);5 орын — Тимур Кулесов (80 кг);5 орын — Мадияр Карсакбаев (+87 кг).

Жалпы командалық есепте ерлер командасы 3-орынға ие болды. Оңтүстік Корея құрамасы бірінші, Өзбекстан құрамасы екінші орын алды.

Әйелдер арасында:1 орын — Айжамол Абдикатова (57 кг);2 орын — Асем Баймахан (62 кг);3 орын — Зурлана Неупакоева (53 кг);3 орын — Аяулым Женисбекова (53 кг);5 орын — Виктория Протопопова (49 кг);5 орын — Аделя Затаева (57 кг);5 орын — Аида Макатова (67 кг);5 орын — Молдир Мукашева (67 кг).

Айта кетейік, әлем чемпионаты 25-30 наурыз аралығында өтті.