Петропавлдың «Қызылжары» клуб директоры қызметіне Николай Паниннің тағайындалғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Николай Борисович алғашқы жұмыс күнін жиыннан бастады, онда ұжымның жоспарлары туралы айтып, міндеттер қойып, жұмыс көлемін көрсетті!

Николай Борисович «Оқжетпес», «Тобыл» сияқты командаларда жұмыс істеп, 2021 жылы маусымның үздік топ-менеджері болып танылды», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.